Дек 09
7
Сұраққа жауап
Сұрақ
Құрметті, Бақытжан Тұрсынұлы!
Мен 2009 ж. түлегімін. 2009 ж. ҚазҰУ өткізген “Пәндік олимпиададан” география пәні бойынша 3-інші орын алғанмын, қалалық олимпиаданың 3-інші орын иегерімін (қазақ тілі және әдебиеті пәндері), KATEV халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырған олимпиаданың 1-інші орын иегері (қазақ тілі). Қазақ және орыс тілдерінен өзге ағылшын тілі (Advanced level) және түрік тілдерін(iyi seviyesi) толық меңгердім. Отбасылық жағдайларға байланысты ҚазҰУ-не оқуға келе алмадым. ҰБТ нәтижесі 107 ұпай (орыс тілінсіз 84). Қазіргі уақытта Астанадағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің “қаржы” мамандығы бойынша білім алудамын. Алайда “талапты бала -талпынған құстай” демекші менің арманым ҚазҰУ-да білім алу. Сондықтан да сізден сұрайтыным, маған ҚазҰУ-нен университеттік грантты бөлуіңізді! Егер талап етсеңіз, барлық емтихандарды тапсыруға дайынмын!
Жауабыңызды асыға күтемін!
———————
Пользователь согласен с публикацией сообщения в сборнике “Ответы на вопросы Ректору”
Автор: хххххххххххх
Жіберілді: 08 қараша 2009, 20:08
Жауап
Құрметті студент!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім аламын деген талапкерлерге есігіміз әрдайым ашық.
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құзыретіне кіретінін өзіңіз де білетін шығарсыз. Жоғары оқу орыны талапкерлерді кез-келген уақытта өз еркінше қабылдай алмайды.
Өз университетіңізде білім ала жүріп, білім алу үдерісі кезінде мемлекеттік білім беру гранттары босаған жағдайда бюджеттен қаржыландыратын орындарға ауысу үшін конкурсқа қатысуға толық мүмкіндігіңіз бар.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан ақылы бөлімдерде білім алатын үздік студенттерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Былтырғы оқу жылынан бері барлығы 11500 үздік студентке қосымша білім беру грантын тағайындалды. Болашақта да бұл шара өз жалғасын табады. Мемлекеттік білім беру грантына бірінші кезекте озат студенттер ауыстырылды. Сондықтан да, алған бағытыңыздан таймай, көздеген мақсатыңызға жетуде сәттілік тілеймін.
Құрметпен,
Б.Т.Жұмағұлов
Ректор, академик


