Ректор туралы

Мутанов Галимкаир Мутанович

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры

Мұтанов Ғалымқайыр 1979 жылы «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын бітірген. Алғаш еңбек жолын Рудненск индустралды институтында ассистент болып бастаған. Мәскеу болат және қорытпа институының «Автоматизация технологических процессов цветных и редких металлов» кафедрасында екі жылдық ғылыми сынақтан өткен. Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасында аспирантурада, докторантурада оқыған. Кандидаттық және докторлық диссертациялары жасанды интеллект элементтерін пайдаланып технологиялық процесстерді автоматтандырылған басқарудың теориясы мен тәжірибесіне арналған.

1995 жылы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Ғ. Мұтанов басқарған 7 жыл ішінде СҚМУ еліміздегі және шетелдердегі үздік жоғары оқу орындарының біріне айналды.

2002 жылы Ғ. Мұтанов ҚР Білім және ғылым министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, оның басқаруымен білім және ғылымды дамыту Тұжырымдамасының негізі қаланды, оны таратудың басым бағыттары оразан зор нәтижелерге қол жеткізді.

2003 жылдың маусымында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры болып тағайындалды. Инновация, сапалы білім, әлемдік білім кеңістігіне кірігу – университеттің басты бағыты. Қысқа мерзім ішінде ЖОО-да барлық аймақтың инновациялық дамуына тиімді мүмкіндіктер жасайтын конструктивті инновациялық қайта құру жүргізілді. Университет базасында елімізде алғаш құрылған «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық парк жұмыс істейді. «Университет-Технопарк» инновациялық ЖОО үлгісі еліміздегі инновацияда қайта құрылған басты жоғары оқу орны болып танылды.

Ғ. Мұтанов он халықаралық академияның академигі, АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Шверцарияда жарияланған 400-ге жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 10-нан астам монографияның, оқулықтың, әлеуметтік-экономикалық басқару саласына арналған оқу құралдарының авторы; 35 патент, өнер табыстардың авторы. Жасанды интеллект, эксперттік жүйелерді пайдалану негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық салаларды математикалық өңдеу мен басқару бойынша ғылыми мектептің құрылуына ұйтқы болған. Үш ғылым докторы және отызға жуық ғылым кандидаттарын дайындаған.

Орталық-Азия бөлімінің президенті және IGIP инженерлік педагогикалық Халықаралық қоғамы мониторинг комитетінің мүшесі (Шверцария), Халықаралық инженерлік білім федерациясындағы (IFEES) Қазақстан қоғамының президенті (KazSEE), ЮНЕСКО білім беру Ақпараттық технологияларды басқару институты Кеңесінің мүшесі (Париж), «Техникалық ЖОО еуропалық оқытушысы» атағының, еліміздегі ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін көрнекті ғалымдарға арналған ҚР ҰҒА грантының иегері. Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді жетілдіруге белсенді атсалысқаны үшін Халықаралық библиографиялық орталықтың (Кембридж) күміс медалімен, “The United Europe” (Оксфорд) алтын медалімен марапатталған.

ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайтаркері, «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «ҚР Прездентінің ерекше белгісі», «ҚР білім беру үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР құрметті инженері» төсбелгілерімен марапатталған.

«Инжиниринг және трансферт технологияларының орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, «Халықаралық инновациялық қоры» АҚ қоғамдық консультативтік Кеңесінің төрағасы, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің облыстық мүшесі, Шығыс-Қазақстан облыстық маслихатының бюджет және экономика бойынша комиссиясының төрағасы.

Ғ. Мұтанов – дзюдо бойынша КСРО спорт шебері, ҚР спортының еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс жекпе-жек ассоциациясының вице-президенті.

Copyright © 2010 Блог Ректора